Казцинк — Қазақстандағы мырыш, мыс, алтын, күміс және қорғасын өндіретін ең ірі компаниялардың бірі.
Бұл — мықты мінезді компания. Казцинк жұмысшылары Шығыс Қазақстанның алты қаласында, Ақмола облысында және Ұлытауда еңбек етеді.
Бұл нені білдіреді?
Үйіңнің қасында жұмыс табу мүмкіндігі бар
Немесе жаңа аймаққа көшіп, компания қолдауымен жаңа өмір бастауға болады.
Казцинк — ыстық жүректі металлургия
Неге саған Казцинкке назар аудару керек?
Жұмыс ауқымды: кен өндіруден бастап жоғары сапалы металдарды балқытуға дейін.
Үйретеді. Көмектеседі. Түсіндіреді. Тәлімгерлер жас мамандарға білімін береді.
Заманауи құрал-жабдықтар. Инновациялар. Қауіпсіздік. Цифрландыру. Көз жеткізгің келе ме? Онда виртуалды турға кіріп көр.
IT мамандарынан бастап, инженерлерге дейін, HR-дан экологтарға дейін. Мұнда қолмен де, ақылмен де жұмыс істеуге болады.
Жоба мысалдары
Казцинк тек жалақы беріп қана қоймайды, онымен қатар қалалардағы өмірді жақсартады: құрылыс салады, қолдайды, білім, спорт, мәдениет пен технологияға инвестиция жасайды. Компания балалар үйлерін қамқорлыққа алады, көпбалалы отбасыларға көмек береді, жылына шамамен 11 млрд теңге (~28,5 млн USD) әлеуметтік жобалар мен инфрақұрылымға бөледі.
Бейнемониторинг орталығы жобасы — мұнда есту қабілеті бұзылған адамдар жұмыс істейді. Олар онлайн қауіпсіздікті қадағалайды. Бұл жоба корпоративтік жауапкершілік үшін «Ақ Мерген» ESG конкурсының арнайы жүлдесін алды
Арман қала
Сондай-ақ компания «Арман қала» бастамасын іске қосты: тұрғындар өз қалаларын дамыту идеяларын ұсынады, дауыс береді, ал ең үздік жобалар Казцинктің әлеуметтік инвестициялар жоспарына енеді
✔ Сен жай ғана жұмыс істемейсің, сен қалаларды да, индустрияны да өзгертетін компанияның бір бөлшегісің;
✔ Компания әрдайым «Біз болашақты құрамыз», - дейді және күнде соны іске асырады;
✔ ТМұнда мықты қолдау мәдениеті бар компания ішінде сен жобаларға ықпал ете аласың, әрі өсіп, үйрене аласың;
✔ Мансапта қозғалу да оңай — топ-менеджменттің барлығы компанияда қарапайым жұмысшыдан бастап көтерілген.
Неге бұл дәл саған арналған?
Ал сен не ала аласың?
Айқын қадамдары бар материалдық және мансаптық өсу
Оқуға және кәсіби дамуға қолдау
Тәлімгерлер, тағылымдама, төленетін практика
Көптеген бонустар:
спорт пен демалыс жеңілдіктерінен бастап, маңызды оқиғаларға арналған сыйлықтарға дейін
Мұнда жұмыс істей отырып, сен мансап құрып қана қоймайсың, сонымен қатар маңызды өндірістік әрі әлеуметтік жобаларға да үлес қосасың
Мағыналы жұмыс іздеп жүрсің бе? Казцинк вакансияларын қара
Өзіңнің рөліңді нағыз индустриялық өсім тарихында біл