Стажёрдан бастап басшыға дейін қалай өсуге болады?

Сенің Казцинктегі карьералық картаң!

Әлі оқып жүрген болсаң да
Дипломды қолға алдың
Сен қазір штаттағы қызметкерсің
Енді сен командаға көшбасшысың
Кадрлық резервтесің

Әлі оқып жүрген болсаң да, командаға қосылып кетуге болады. Таңдау көп.

Саған керек қадамдар:
  • Профильдік мамандық бойынша оқу.
  • Сұхбаттан және медкомиссиядан өту.
  • Практикада белсенділік, өзіңді көрсету.
  • Сұрақтан қорықпау, әрдайым қозғалыста болу.
Ағылшын, профориентация, зауыттағы нағыз кейстер, жұмысқа орналасуға көмек
  • Қосарлы оқу — оқумен қатар жұмыс істей аласың. 1-2 курстан бастап-ақ «темаға» кіре аласың.
  • Стипендия мен практика — оқуыңды төлейміз (таңдаулы студенттерге), тәжірибелі тәлімгер береміз және практиканы төлейміз.
  • Жобалар мен дипломдар — дипломды құр «абстракцияға» емес, нақты кейстерге арнап жазу мүмкіндігі.
  • Баспана ше? Әрине, бар — Казцинк оқу кезінде және алғашқы 2 жылға көмек береді.
Казцинк не береді:
1-Этап: Колледж немесе университет студенті

Дипломды қолға алдың – енді «жауынгерлік тағылымдамаға» кіру уақыты келді.

Саған керек қадамдар:
  • Оқуға, кері байланысқа ашық болу.
  • Нақты тапсырмаларға дайын болу.
  • Командада жұмыс істей алу.
  • Қажет болса, көшуге дайын болу.
  • Мамандығыңа сәйкес кепілді жұмыс.
  • Шынайы жобаларда ақысы төленетін, мықты менторлармен тәжірибе.
  • Жеке тәлімгер, тәжірибелі маманнан қолдау.
  • Адаптация бағдарламалары.
  • Баспана мен көшуге көмек.
  • Жастар кеңесі – жастар жиыны, жаңа идеялар,өзін-өзі дамыту.
  • Сен «жай ғана жұмыс істемейсің». Сен қазірдің өзінде келесі деңгейге жолға шықтың.
Казцинк не береді:
2-Этап: Түлек

Сен қазір штаттағы қызметкерсің, енді дамитын уақыт келді.

Саған керек қадамдар:
  • Жауапкершілік пен амбиция.
  • Шеберлік тәжірибесінен өтуге дайын болу.
  • Команда мен өндірістің өсуіне атсалысу.
  • Үйренуге, өсуге деген құлшыныс.
  • «Шеберлер мектебі» бағдарламасы: үйретеміз, тәжірибеден өткіземіз, мансаптық өсуге көмектесеміз, басшы болуға жол ашамыз.
  • Тәлімгерлердің кеңестері, «Карьера» атты нақты жоспар.
  • Жастар кеңесіне қатысу — өсуге талпынғандарға.
  • Оқытуға, жобаларға, ұжымдық іс-шараларға қолжетімділік.
Казцинк не береді:
Аралық чекпойнт: жұмысшы → шебер
Сенің жолың — жан-жаққа қарай емес, жоғары жылжу. Нақты көтерілу, “10 жыл бір орында отыру” емес.
3-Этап: Жас маман

Енді сен командаға көшбасшысың. Басшылар лигасына қош келдің

Саған керек қадамдар:
  • Көшбасшылық қабілетті көрсету.
  • Командамен дұрыс қарым-қатынас орнату.
  • Жақсартуға ұсыныстар жасау.
  • Жаңадан келгендерге үлгі болу.
  • «Цех басшылары мектебі».
  • Басқарушылық құзыреттерді дамытуға арналған бағдарламалары.
  • Оқудыжалғастырғың келе ме? Перспективті қызметкерлерге Казцинк жоғарғы білімін төлеп береді. Сессияға да ресми демалыс бар.
  • Сені байқап жатыр ма? Онда кадрлық резервке түсу мүмкіндігі, нақты жобалар, топ-менеджерлердің назары.
Казцинк не береді:
4-Этап: Шебер / Учаске басшысы

Кадрлық резервтесің – келесі қадам: бағыт немесе цех жетекшісі. Бұл жай ғана жұмыс емес, бұл — Қазақстандағы өндірістің болашағына ықпал ету.

Саған керек қадамдар:
  • Жобаларда өзін көрсету.
  • Жауапкершілікке дайын болу.
  • Стратегиялық ойлап, нақты әрекет ету.
  • Тек карьера емес, тұтас индустрияны құру.
  • Көшбасшылық бағдарламалар, цифрлық тренажерлар, нақты кейстер.
  • Емтихандар, топ-менеджментпен кездесу.
  • Жеке даму жоспарлары.
  • Тәлімгерлер мен өсу трекерлер.
Казцинк не береді:
Финал? Жоқ, бұл тек бастамасы!
Казцинк – бұл кезек күтіп тұратын баспалдақ емес. Бұл – лифт.
 Тек батырмаларды басуға дайын бол.
5-Этап: Басқарушылар резерві және топ-level
© 2025. youthindustry.kz. Барлық құқықтар қорғалған.
Әзірлеуші ​​abi-nur.com