KEGOC, Технологиялық қосылу департаментінің менеджері
Мен қазақ-түрік лицейінде оқыдым, сол жерде техникалық ғылымдарға қызығушылығым оянды. Кейін Мәскеу энергетикалық институтына грантпен түсіп, электр инженері дипломын алдым.
Елге оралған соң білімімді іске жаратқым келді. Алдымен «Астана-РЭК» компаниясында қосалқы станцияда электромонтер болып бастадым – бұл тарату желілеріндегі ең төменгі саты еді. Бір жылға жуық «нысандағы» жұмыстан соң KEGOC-қа келіп, әуелі электр желілері қызметіне орналастым.
Мәскеудегі білімнен – Қазақстанға, өз еліме
Барлық вакансия ашық
Мен кәсіби өскім келді, сондықтан үнемі Samruk Qyzmet платформасын қарап жүрдім. «Самұрық-Қазына» қорына кіретін компаниялардың барлық бос орындары сонда жарияланады. Сол жерден түйіндеме жіберіп, тест пен әңгімелесуден өтуге болады.
Осылайша KEGOC-қа инженер болып кірдім. Кейін өндірістік-техникалық қызметте бірінші санаттағы инженер атандым, ал 2025 жылы технологиялық қосылу департаментіне менеджер болып шақырылдым. Бұл жолы бастаманы басшылықтың өзі көтерді – кандидатураны өздері ұсынды. Яғни, қарапайым жұмысшыдан офиске дейінгі жолдан өттім.
Мен Samruk Qyzmet-те бос жұмыс орындарын қарадым
Желілік қызмет көрсету инженері
1 санатты инженер
менеджер
Әр инженер өндірістен өтуі керек
Электромонтерлік жұмыс – физикалық ауыр еңбек. Бірақ менің ойымша, әр инженер осы кезеңнен өтуі тиіс: өз көзімен көріп, процестің қалай жүретінін түсінуі қажет.
Сонда ғана кеңседе жөндеу жоспарын құрып, процесті басқаруға сапалы көзқарас қалыптасады.
Электрик болып жұмыс істеу – бұл физикалық еңбек.
KEGOC-тағы алғашқы сухбатымды жақсы есімде сақтаппын. Қатты уайымдадым. Сұхбатты кейінгі алғашқы тәлімгерім жүргізді. Кейбір сұрақтарға жауап бере алмадым, себебі университет білімі жеткіліксіз еді.
Оқу өте маңызды, бірақ кей білімді ешқандай мықты университет те бермейді – ол тек өндірісте үйреніледі. Дәл осындай тәжірибелік сұрақтарға қиналдым. Бірақ басқа сұрақтарға жақсы жауап беріп, өз қабілетімді көрсеттім.
Алғашында бейімделу қиын болды – KEGOC үлкен компания, өзіндік жүйесі бар. Бірақ тәлімгерлер көмектесті, ал бір жылдан кейін өзімді үйдегідей сезіндім.
«KEGOC» – үлкен компания
Бір жылдан кейін өзімді үйдегідей сезіндім
Оқу өте маңызды
«Бір жылдан соң KEGOC – менің үйім болды»
Жастардың белсенді өмірі
ЖАСТАР ҚАНАТЫ
ЭНЕРГИЯДАҒЫ ЖАҒДАЙЛАР
ДОСТЫҚ КОМАНДА
МӘДЕНИ-ӘЛЕУМЕТТІК ОҚИҒАЛАР
Мен жұмысқа келгенде ұжымның шамамен жартысы – өзімнің құрдастарым болатын. Қазір олардың төртеуі-бесеуі әлі KEGOC-та жұмыс істеп жүр: бірі қосалқы станцияға ауысты, бірі басшылыққа дейін көтерілді. Жалпы алғанда, ешкім кетуге асықпайды, өйткені жастар әрқашан қолдау табады. Мұнда мықты жастар қанаты бар.
Ұжым да достық пейілді, бөтен сезінбейсің. Әр түрлі акцияларға, мәдени-әлеуметтік шараларға, спорттық жарыстарға бірден тартып алады. Спартакиадалар, энергетика бойынша кейс-чемпионаттар бар. Біздің кей командалар Мәскеуге де барып жарысқан. Жыл сайын жаңа форматтар шығады, жастар белсенді қатысады.
Энергетика – жақсы зерттелген сала, сырт көзге жаңашылдыққа орын жоқ сияқты. Бірақ KEGOC-та үнемі жаңа технологиялар енгізіледі, халықаралық тәжірибе алынады, заманауи жобалар іске асады.
Кез келген қызметкер ұтымды ұсыныс бере алады. Комиссия қарайды, егер идея құнды болса – жүзеге асырылады әрі авторына сыйақы беріледі. Жыл сайын үздік ұсыныстарға бәйге жарияланады. Мен әзірге өзім идея ұсынған жоқпын, бірақ талқылауға қатысып жүрмін.
Тәжірибе мен инновация
Менде бір идея бар!
Алғашқы еңбек демалысымды ұмытпаймын: компания демалыс ақысы мен материалдық көмек берді, мен туған жерім Қызылордаға барып келдім. 30 күндік демалыс – үлкен мүмкіндік. Жалпы, KEGOC-тағы әлеуметтік пакет тамаша: медициналық сақтандыру, тұрғын үйге субсидия, басқа қаладан келгендерге қолдау.
Компания адамдарды тіпті отбасымен біріктіреді. Мысалы, мен осында жарымды кездестірдім, қазір екінші баламызды күтіп отырмыз. Сондықтан KEGOC-қа ризамын. Мұнда жұмысқа да, жеке өмірге де орын табылады.
Әлеуметтік пакет және жеке өмір
30 күндік демалыс өте жақсы
KEGOC отбасыларды біріктіреді
Әйелдер кеңесі туралы
KEGOC-та әйелдер кеңесі бар. Қыздар ерлермен тең дәрежеде мансап жасай алады: өндірісте де, әкімшілікте де жұмыс істейді. Тіпті топ-менеджерлердің арасында да әйелдер бар. Яғни, бәріне тең мүмкіндік берілген.
KEGOC-пен бірге болашақ
Мен көп нәрсеге жеттім, бірақ әлі де KEGOC-та дамығым келеді: жаңа білім алу, түрлі бағыттарды сынап көру. Болашағымды осы компаниямен байланыстырамын.
Жастарға кеңес
“
Энергетика саласын ойлап жүргендерге айтарым: қорықпай келіңдер! Егер техникаға қызығушылығың болса, еңбектенуге дайын болсаң – KEGOC әрқашан қолдайды.
Физикалық жұмыстан қашпау керек – бұл тәжірибенің бір бөлігі. Электроэнергетика әрдайым қажет, ол – адамдар өмірінің негізі.
Үйреніңдер, қызығушылық танытыңдар, іс-шараларға қатысыңдар. Мұнда мүмкіндік көп.
Айтпақшы, былтыр «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының жас мамандарына арналған «Қадам» жобасына қатыстым. Мыңдаған қатысушының ішінен 50 адамды іріктеп алды, мен солардың қатарында болдым. Бізді лидерлікке, қаржылық сауаттылыққа, коммуникацияға үйретті. Бұл маған жаңа дағдылар мен сенімділік берді.
Асет Мустафа, Технологиялық қосылу департаментінің менеджері