Менің жолым
Өз жолымды нөлден бастап, нағыз кәсіби маманға дейін жеткізгім келеді. Зауыт маған көп нәрсе үйретті, осы жерде есейдім. Өмірім мен болашағым үшін жауапкершілік өз қолымда екенін түсіндім.
Кетуді ойламаймын. Бір күні бизнеске кіріссем де, оны зауыттағы жұмыспен қатар алып жүруге болады. Мен сенімдімін: зауыт мені алдамайды, ал мен зауытты алдамаймын.