Гайд 3. Энергожүйе диспетчері

Диспетчер электр станциялары мен желілердің жұмыс режимдерін басқарады, жоғары кернеулі жабдықты жөндеуге шығару бойынша командалар береді, жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, энергия сапасына талаптардың орындалуын қадағалайды, технико-технологиялық ақауларды алдын-алып, оларды жояды.

Неліктен бұл мамандық керемет?
Қандай дағдыларды дамытуды талап етеді:
1. Оперативті ойлау — уақыт шектеулі жағдайда тез әрі нақты шешім қабылдау
2. Энергожүйелерді білу — генерациядан тұтынуға дейінгі сұлбаларды терең түсіну
3. Диспетчерлік софтпен жұмыс — SCADA, WACS, ЦСПА жүйелері
4. Аналитикалық ойлау — көрсеткіштер бойынша жүйенің жағдайын бағалау және салдарын болжау
5. Коммуникация — нақты әрі қысқа ақпарат беру (объектідегі персоналға да, басқа диспетчерлік орталықтарға да)
6. Стресс-менеджмент — апаттық жағдайда да концентрацияны сақтай білу

KEGOC диспетчерінен лайфхак:

Сейтканов Еламан Қасымұлы
«НДЦ СО» филиалы диспетчерлік қызметінің диспетчерлер тобы
1. Екі қадам алға ойла: операция (қосу/ажырату) алдында «Одан кейін не болады?» және «Егер қате кетсе ше?» деп сұра.

2. Ауа райы мен жүктемеге назар аудар: боран, ыстық, жел — жүйенің әлсіз жерін алдын ала ойла.

3. Ең жүктемелі қималарды қадағала: бір желі ажыратылса, не істейтініңді ойша жоспарлап отыр. Сонда апат кезінде нақты әрекет жоспары дайын болады.
Энергетика және диспетчерлеу негіздері бойынша курстар (Udemy, Coursera);
Энергожүйе басқару симуляторлары (ашық қолжетімді);
Назар мен жадыны жаттықтыру (шахмат, логикалық ойындар).
Қазірден бастап нені дамыту керек:
Қайда қолдануға болады:
KEGOC басқару орталықтарында
Өңірлік энергожүйелерде және ірі өндіріс кешендерінде.
Қызметкерлерге арналған келесі нұсқаулық
© 2025. youthindustry.kz. Барлық құқықтар қорғалған.
Әзірлеуші ​​abi-nur.com