Неліктен бұл мамандық керемет?

Гайд 1. KEGOC-тағы инженер-энергетик

Энергетика — елдің жүрегі. KEGOC-тағы инженер-энергетиктер әр үйде және әр кәсіпорында жарық болып тұруы үшін және желілердің сенімді әрі заманауи жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.

Бірақ энергетика — тек желілер мен қосалқы станциялар ғана емес. Жүйе ертең де, он жылдан кейін де тұрақты және ақаусыз жұмыс істеуі үшін болашақты есептей алатын мамандар керек. Дәл осы жерде бірегей мамандық пайда болады – энергия жүйелерін модельдеу инженері (PLEXOS-модельдеу).
Дамытуға тұрарлық ТОП-5 дағды:
1. Энергожүйелер мен нарықтардың жұмысын түсіну — генерация, тасымал, тұтыну, теңгерім, тариф
2. PLEXOS және оптимизация модельдерін білу — сценарий құру, шектеулер енгізу, бастапқы деректерді енгізу, нәтижелерді талдау
3. Программалау және автоматтандыру — Python, SQL, Excel VBA көмегімен деректерді өңдеу
4. Математикалық модельдеу және логика — оптимизациялық есептер, сценарийлік талдау
5. Ағылшын тілін меңгеру — PLEXOS-тың негізгі құжаттамасы мен қолдауы тек ағылшын тілінде

KEGOC маманынан лайфхак:

Батрханов Ерхан Темірханұлы
Ұлттық электр желісін дамыту департаментінің менеджері
PLEXOS — бұл шахмат сияқты, тек энергетикалық тақтада. Егер бірнеше қадам алға ойлануды үйренсең — жүйедегі оқиғаларды алдын ала болжай аласың және басқалар ойланып үлгермей тұрғанда дұрыс шешім табасың
PLEXOS-та жұмыс істеудің дағдыларын үйрен;

Excel-де үлкен кестелер мен сценарийлерді меңгер;
Python және деректер талдау кітапханаларын игер (pandas, matplotlib, numpy);

Энергетикалық модельдеуге арналған есептер мен кейстерді оқу (IEA, World Bank, Energy Exemplar).
Қазірден бастап нені дамыту керек:
Қайда қолдануға болады:
KEGOC-та тағылымдама
Жас энергетиктер байқаулары
Қызметкерлерге арналған келесі нұсқаулық
© 2025. youthindustry.kz. Барлық құқықтар қорғалған.
Әзірлеуші ​​abi-nur.com